Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айнұр Тұрсынбаева халықтың қаржысына су тегін келген 35-көлігін кімге сыйлады? (Видео)

20:33, 02 мамыр 2025 778

Айтыс ақыны, коуч Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, — деп деп жазады Alash.KZ.

Айтыскерге туған күні қарсаңында өзі еңбек етіп жүрген SAAD компаниясы су жаңа көлік сыйлаған. Қуанышын жасыра алмаған коуч осындай темір тұлпарды 500 адамға мінгізетінін жазды. 

Ал су жаңа темір тұлпарды айтыс ақыны туған сіңлісі Арайлымға сыйлай салды. Өзінен аумайтын сіңлісі көзіне жас алып қуанды.

«Барлық көрген жақсылығыма шүкір еттім. Осындай көлікті 500 адамға мінгіземіз ин ша Алла! @saad_company_kz арқылы қазақ халқына адал қызмет етуді нәсіп етсін Аллам. 50 мың адамға жұмыс беріп, 5000 мың қазақты миллионер қылғанша жүгіремін енді… Мен үшін ең үлкен сыйлық — ДҰҒА! Кіші сіңлім @alika_gauhar көп адам біле бермейді. Инстада көп көрінбейді, жұрттың алдына шыққысы келмейтін алтыным…
Ризамын тағдырыма… алғыстан басқа айтарым жоқ…», — деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар