Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айнала көгеріп кеткен, матрас жоқ, еден суық: Жекеменшік балабақшаның жантүршігерлік жағдайы мәлім болды

20:18, 22 қазан 2024 869

Жаркенттегі жекеменшік балабақшадан шу шықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Stan.kz мәліметінше, ата-аналар балабақшаның қандай жағдайда екенін видеоға түсіріп көрсетті. 

“Тіпті матрас жоқ, айнала көгеріп кеткен. Еден суық. Жастықтарын қараңыздар. Біз не үшін ақша төлеп жүрміз? Екі бала бір көрпе жамылады. Батареялар мұздай”, – дейді ашынған аналардың бірі.

Видеодан балалардың төсек жабдығы жоқ, жұқа жайма жайылған жималы төсекте жататынын көруге болады. Тіпті бір көрпемен екі төсектің бетіп жауып қойған. 

Аталмыш балабақшада 75 орын бар болып шықты.

“Бұл бөбекжай "Baby land" жеке балабақшасының жанына салынып, 30.04.2023 жылы ашылды. Бөбекжай 75 балаға арналған. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 75 бала орналастырылды. 2024 жылдың 22 қазанында Жетісу облыстық білім басқармасы балабақшадағы балалардың жағдайын тексеру үшін тиісті органдарға хат жолдады. Сонымен қатар Панфилов ауданының білім бөлімі "Baby land" балабақша-бөбекжайына білім беру қызметін тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік тапсырыстың тоқтатылуы туралы ескерту жолдады", – деп мәлімдеді Панфилов аудандық білім бөлімі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар