Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аймағамбетов 4 миллион оқушының тағдырына әсер ететін шешім туралы айтты (ВИДЕО)

10:51, 04 маусым 2026

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов білім беру шығындарын облыстық деңгейден аудандық бюджеттерге қайтару туралы заң нормасын сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz сайты MadeniPortal.kz сілтеме беріп.

Кеше Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Құжатта білім беру саласына қатысты шығындарды облыстық бюджеттен аудандық деңгейге беру нормасы қарастырылған.

Асхат Аймағамбетов бұл бастамаға қарсы екенін айтып, оның салдары 4 миллионнан астам оқушының болашағына әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді.

«Қазір Қазақстан мектептерінде 4 миллион бала оқып жатыр. Олар бұл жерде қандай заңдар қабылданып жатқанын білмейді және өз пікірін білдіре алмайды. Бірақ олардың тағдыры осы заңға тікелей байланысты. Мәселе – мектептерді қайтадан аудан әкімдеріне бағындыруда. Бұл – 4 миллион баланың болашағына қатысты шешім. Ал сол балалардың атынан кім сөйлейді?» – деді депутат.

Оның айтуынша, бірнеше апта бұрын бұл мәселе қоғамда ашық талқыланған. Алайда сарапшылар мен білім саласы мамандарының айтқан уәждері ескерусіз қалған.

Аймағамбетов мектептер мен балабақшаларды облыстық білім басқармаларының құзырынан алып, аудан әкімдіктеріне толықтай беруді тиімсіз шешім деп бағалады.

«Егер аудан әкімдіктеріне жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық базаны нығайту сияқты шаруашылық мәселелерін берсек, оны түсінуге болады. Бірақ білім беру саясаты мен басқару жүйесін толықтай аудан деңгейіне қайтару дұрыс шешім емес», – деді ол.

Депутаттың пікірінше, бұл өзгеріс білім сапасына, басқару тиімділігіне және білім беру саласындағы бірыңғай саясаттың жүзеге асуына кері әсер етуі мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар