Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айлық жоқ, курьер боп істедім, ұлттық құрамадан шықтым: Боксшы Ертуған өз өмірінен сыр шертті

17:20, 24 желтоқсан 2024 336

Бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Ертуған Зейнуллин жеңісінен кейін өзінің өмірі туралы біраз сыр шертті, деп хабарлайды Alash.kz.

«Осы жеңіс үшін қаншама тер төктік. Аллаға шүкір, жемісін жедік. Қазақстан чемпионы әділ өтті, барлық жекпе-жегім таза болды. Бір кездері кешке дейін жұмыс істеп, кешке жаттығу жасадым. Бір жыл бойы ұлттық құрамадан шығып қалдым. Айлық жоқ. Барлық жерден айлықты алып тастады. Амалсыздан курьер болып жұмыс істедім. Жаттығуымды қойып кетпес үшін маған осындай жұмыс ыңғайлы болды. Өзім қашан шығамын, қашан істеймін, өз еркімде болды. Осындай жағдайлардан кейін ұлттық құрамаға қайта оралып, Азия ойындарына бардым. Ол жақта моңғол спортшысы допингпен ұсталып, қола жүлде бұйырды», — деді Ертуған Зейнуллин.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар