Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қара киімді мүлде кимеген… Ұзындығы кебінмен бірдей болған»: Белгілі өнертанушы қазақ халқының киіну салты туралы тың дерек айтты (ВИДЕО)

17:22, 18 ақпан 2026

Белгілі суретші, өнертанушы Ералы Оспанов DOPE SOZ подкасында байырғы қазақ халқының киіну салтындағы түс ерекшеліктері туралы тың ақпарат айтты, деп жазады Alash.kz.

Бұрынғыда қазақ қара киімді мүлде кимеген. Әр киімнің бір қағидасы бар. Мысалы, әйелдердің кимешегінің ұзындығы кебінмен бірдей болған. Өмірден озып кетсе, соған орауға болады. Сондай қағида – бұл. Бұның Исламға қатысы бар жоғын, нақты айта алмаймын. Қарап отырсаң, апалардың барлығы да солай киінген. Жастарға келер болсақ, күйеуге тимеген қыздар ешқашан ақ кимеген. Орамалды айтамын да. Ақ жейде, көйлек кие береді ғой. Күнделікті түрлі түсті таққан, қызылы сарысы бар. Көбіне қызыл түсте орамалдары болған. Ол - жастықтың түсі ғой. Бойдақ жігіттер орамалдың түсінен қыздың тұрмыста еместігін бірден аңғарған. Осыдан үш күн бұрын жеңгем қайтыс болды. Егде әйел еді. Сол кісі: «Қазіргі сұмырайлар қап-қара, аппақ қылып орап алады. Дұрыс емес қой. Қыздар тек қана түрлі-түсті киеді» деп, сөгіп отыратын. Қыз балалардың енді сүйегі қатайған шағында шаштарын көп жерден өріп қойған. Қазір солай өрсе, бірден өзбек қызы дер шығады. Қазақтар да солай өрген. Қыз баласы екі бұрым қылып өреді. Тұрмысқа шыққанда салтанатты тойда бір жерден өріп алады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар