Петропавл қаласында 73 жастағы зейнеткердің үсіп қайтыс болу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz.
Қария үйінен шығып кетіп, кейін бағдарынан жаңылысқан. Ол қала сыртындағы айналма жолдың маңында қар құрсауына құлап, өз бетінше әрекет ете алмай қалған.

Жоғалған азаматшаның денесі арада бірнеше сағат өткен соң табылды. Сот-медициналық сараптаманың нәтижесі өлімнің негізгі себебі дене мүшелерінің қатты суықтан тоңуы, яғни гипотермия екенін растады.