Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады

14:38, 18 ақпан 2026

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 18-19 ақпан күндері аралығында Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Аlash.kz. 

Мемлекет басшысы Вашингтонға АҚШ Президенті Дональд Трамптың ресми шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін аттанады.

Жоспарланған іс-шараның негізгі мазмұнына қатысты ақпаратта: «Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады», — деп көрсетілген.

Сапар аясында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып, қақтығыс аймақтарындағы жағдайды реттеудің практикалық тетіктерін қарастыру көзделіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар