Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Оқиғаның мән-жайы анықталуда»: Атырау облысында 10-сынып оқушысының өз-өзіне қол жұмсау дерегі тіркелді

17:39, 18 ақпан 2026

Атырау облысының Доссор кентінде 17 ақпан күні 10-сынып оқушысының өз-өзіне қол жұмсау дерегі тіркелді, деп жазады Alash.kz..

Қазіргі уақытта облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша іс қозғады. Атап айтқанда, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, көндіру немесе ықпал ету белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мерт болған 2009 жылы туған қыз бала Доссор кентіндегі Бержан Қанатбаев атындағы орта мектептің оқушысы болған. Оқу орны басшылығының берген мәліметіне сәйкес, ол шығармашылыққа бейімділігімен ерекшеленген және толық отбасында тәрбиеленген. Орын алған жағдайдан кейін білім беру мекемесінің жанынан арнайы мобильдік топ құрылды. Сонымен қатар білім беру басқармасы тарапынан оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тексеру шаралары басталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар