Танымал әнші Рамазан Стамғазиев кезекті сұхбатында саясатқа қатысты көзқарасын ашық айтып, не себепті бұл салаға бет бұрмағанын түсіндірді деп жазады Democrat.kz.
Журналист «Әріптестеріңіз Бекболат Тілеухан, Нұрлан Өнербаев саясатта жүрді. Сіздің де саясатқа араласу ойыңыз бар ма?» деген сауал қойған.
Өнер иесі бұл сұраққа:
«Не бар ол жақта? Олардың сөзін парламентте біреу тыңдады ма? Тіпті Шерхан Мұртазаның сөзін естіген жан болды ма? “Жыланда ғана екі тіл бар” деп ашық айтқан кісі сол емес пе?
Мен барғанда не өзгереді? Одан да қазақтың балаларына ән үйретейін, білім берейін, дұрыс жолға бағыттайын.
Маған да түрлі қызметтер ұсынылды. Бірақ басқа салаға кетсем, домбырамды тастауға тура келер еді. Соның бәрінен бас тарттым. Өйткені маған аманат етілген жол — осы. Әншілік пен ұстаздық», — деп жауап берген.
Әншінің бұл пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.