Ресей Федерациясында Ганвест лақап атымен танымал қазақстандық орындаушыға қатысты әкімшілік іс қаралып жатыр, деп жазады Alash.kz.
Ресми тексерістің басталуына әртістің ән мәтіндері себеп болған. Қазіргі уақытта оның шығармаларында есірткі заттарын насихаттау белгілерінің бар-жоғын анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалды.
Бұған дейін «Сорок сороков» қозғалысының белсенділері музыканттың үстінен шағым түсіріп, оның «Вика любит ПЭПЭ» атты туындысына тыйым салуды талап еткен болатын. Шағымданушы тарап өз үндеуінде келесідей мәлімдеме жасаған:
«Оны хайуандар тұруы тиіс торға қамаған дұрыс болар еді, бірақ ол әзірге биологиялық тұрғыдан адам болып қалып отыр».
Сараптама нысанына айналған мәтіндерде «пепе», «шнейна», «втфа» сияқты сленгтік терминдер кездеседі. Егер бұл сөздердің есірткі насихатына қатысы бар екені расталса, әртіске қатысты тиісті құқықтық шаралар қолданылуы мүмкін.