Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Құрманғазы - қарақшы". Құрманғазыға тіл тигізді деген айыпқа қалған әзілкеш күйшінің басына барып, құран бағыштап, құрбан шалды

23:01, 17 ақпан 2026

Подкасттағы сөзі қоғамда қызу талқыға түскеннен кейін актер Қайрат Әділгерей көпшілікке үндеу жасап, Құрманғазы Сағырбайұлы туралы айтқан пікірінде ешкімнің рухын қорлау ниеті болмағанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ ол Астраханьға барып, баба басына тағзым ететінін айтқан болатын. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы жазды.

Көп ұзамай әзілкеш уәдесін орындағанын көрсетті. Әлеуметтік желіде Астрахань қаласында түсірілген видеоны жариялап, Құрманғазы бабаның зиратына барып, құран бағыштағанын хабарлады.

Жазба астында ол:

«Құрманғазы бабамыздың басына барып, құран бағыштап, құрбан шалып қайттық! Аллам жар болып, бабаларымыздың аруағы қолдап, желеп-жебеп жатсын!» – деп жазды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Құрманғазының ұрпақтары мен бірқатар қоғам өкілдері актердің сөзін орынсыз деп бағалап, ел алдында кешірім сұрауын талап еткен еді. Ақсақалдар алқасы да оның қателігін мойындауын сұрап, үндеу жасаған болатын.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар