Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«13 жасар қызды ұрламақ болған»: Жамбыл облысында сұмдық оқиға орын алды (ВИДЕО)

09:45, 18 ақпан 2026

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған мектеп оқушысын мәжбүрлеп алып кету әрекеті орын алды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бұл оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ата-аналар чаттарында кеңінен тарады. Видеода белгісіз ер адамның жасөспірім қызды көлікке күштеп отырғызуға тырысқаны, алайда өтіп бара жатқан куәгердің араласуымен бұл әрекеттің жолы кесілгені бейнеленген.

Өңірлік полиция департаменті берген ресми мәліметке сәйкес, автобус аялдамасында тұрған 13 жасар қызды екі ер адам алып қашпақ болған. Аталған дерек бойынша шұғыл шаралар қабылданып, күдікті тұлғалар ізі суымай ұсталды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар