Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Айғайлап қуып шықтық»: Ақберен Елгезек Бауыржан Байбекке қатысты ел естімеген оқиға туралы айтты (ВИДЕО)

16:31, 18 ақпан 2026

Белгілі ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Ақберен Елгезек Жанар Байсемізге берген сұхбатында мемлекеттік қызметкерлермен болған ел естімеген оқиғасын айтты, деп жазады Alash.kz.

Ақын мекемелердегі шенділер келер кезде орын алатын көз бояушылыққа наразы.

«Нұр Отан» тұсында партия төрағасы Бауыржан Байбек бізге келетін болды. «Көліктен түседі. Жазушылар одағына кіреді». Сол кезде бізге «Бір жазушы ана жерде тұрып, бірдеңе жазып тұрсын. Бір жазушы былай ойланып тұрсын» деген сияқты талап қойды. Айғайлап, қуып шыққанбыз. «Жындысың ба?» деп. «Саған театрландырылған көрініс қоюымыз керек пе? Естерің дұрыс па? Байбек келеді екен деп, әр ақын әр жерде тұру керек екен де…» Атмосфера осы ғой. Байбек кіргенде Жазушылар Одағының ішінде осындай атмосфера қойылуы керек. Бір адамға, ойлаңызшы… Солай талай қырылдық. «Жексенбі күні шығасың, пәленше деген министр келеді» дейді. Не үшін келеді? Жазушылар одағына келетіндей, әдебиеттң дамытып жатыр ма? Көрініп қалу үшін, хайп үшін келгені керек емес бізге…»

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар