Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әйелінің жаназасынан соң ұлы мен келінін өлтірген»: Түркістан облысында сұмдық жағдай болды (ФОТО)

17:35, 30 тамыз 2026

Түркістан облысында егде жастағы әйелін жерлеу рәсімінен кейін туыстарымен керісіп қалған зейнеткер өзінің ұлы мен келінін пышақтап өтірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға орын алған үйде бұған дейін егде жастағы ерлі-зайыпты тұрған. Соңғы бес айда төсек тартып жатқан кейуана қайтыс болып, күндіз оны жерлеу мен жаназа намазы өткен. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу үшін Қызылордадан ұлы мен келіні келген. Рәсімнен соң үйге оралған туыстардың арасында жанжал шығып, бірнеше сағаттан кейін ерлі-зайыпты алған пышақ жарақатынан жедел жәрдем жеткенше көз жұмған.


Ulysmedia

Жергілікті тұрғындар бұған дейін күйеуінің әйеліне күтім жасап жүргенін, одан ешқандай жамандық көрмегенін айтады. Көршілердің бірі: 

«Екі адамды пышақпен жарақаттаған дейді. Бұл зейнеткер әйеліне өзі күтім жасап жүрді, бұрын одан ешқандай жамандық көрмедік. Біз оны сырттай ғана білетінбіз. Бәлкім, ұлы одан үйден кетуін сұраған шығар. Мүмкін, тұрғын үйге қатысты жанжалдасып қалған болар, үйді бөлісу мәселесі туындаған шығар», — деп болжам жасады.

Жанжалдың үйге қатысты туындағанын басқа куәгерлер де қуаттап отыр. Тағы бір тұрғын:

 «Күндіз әйелді жерледі, кейін жаназа намазы оқылды. Осыдан соң ер адам жерлеуден үйге келіп, келіні және ұлымен жанжалдаса бастаған. Нақты не болғанын білмеймін, бірақ оны пышақпен жарақаттады деп жатыр. Біреуі аулада, екіншісі үйдің ішінде жатқан», — деді.

Қылмыстан кейін қарт ер адам қашып кетуге тырыспай, полицияға өзі қоңырау шалып, екі адамды өлтіргенін айтқан. Көршілер тәртіп сақшыларының келіп, оны алып кеткенін көргендерін жеткізді. Оқиғаның нақты мән-жайы мен туыстар арасындағы даудың себебін тергеу анықтайтын болады. Полиция әзірге оқиғаға қатысты ресми түсінік берген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар