Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әйелін ұрып-соғып, бензин құйып өртемек болған»: 32 жастағы ер адамның сұмдық әрекеті әшкере болды (ФОТО)

17:09, 06 ақпан 2026

Қырғызстанның Талас облысында 1994 жылы туған азамат өз жұбайын өртемек болды деген күдікке ілініп, ұсталды, деп жазады Alash.kz. 

Бастапқыда тұрмыстық апат ретінде бағаланған оқиғаның мән-жайы зардап шегушінің арызынан кейін қайта қаралып, қылмыстық іс қозғалды. 1998 жылғы зардап шеккен әйелдің құзырлы органдарға берген түсініктемесіне сүйенсек, күйеуі оны алдымен соққыға жығып, артынша үстіне бензин құйып, от қойған. Бұл мәлімдеме оқиға орнында болған куәгерлердің алғашқы көрсетпелеріне қайшы келіп отыр. Бұған дейін куәгерлер өрттің шығуына пеш жағу кезінде бензинді абайсыз пайдалану себеп болды деп көрсеткен еді, соған байланысты жағдай қатардағы тұрмыстық өрт ретінде тіркелген болатын.

Алайда жұбайының берген айғақтарынан кейін істің бағыты өзгерді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық жағдайын егжей-тегжейлі тексеру үстінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар