Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әйелін өлтіріп, артынша өзі өлген»: Астанадағы жантүршігерлік оқиға туралы куәгерлер не дейді?

09:03, 17 қыркүйек 2026

Елордадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде отбасылық ұрыс арты қайғылы жағдаймен аяқталды. Полиция департаменті берген мәліметке сәйкес, 55 жастағы отағасы жұбайымен сөзге келіп қалып, оның кеуде тұсына пышақ сұққан. Осыдан соң отағасы өз-өзіне қол жұмсап, мерт болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Тәртіп сақшылары отбасындағы бұл трагедияның егжей-тегжейін зерттеп жатқанын алға тартып, ресми мәлімдеме жасады.

«Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған, кейін өзіне қол жұмсаған. Ауыр жарақаттан екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Қазір оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады Астана қаласының Полиция департаменті.

Үрейлі оқиға тұрғын үйдің 9-қабатында орын алған. Түн ортасында пәтерден атып шығып, көмек сұраған жас баланың жанұшырған айқайы төңіректегі жұртты шошытқан. Дәлізге жүгіріп шыққан куәгерлер ашық есіктен қанға бөгіп жатқан марқұмдарды көріп, дереу полиция шақыртқан. Көршілердің сөзінше, бұл отбасы жақында ғана Шымкенттен көшіп келген және бұған дейін араларында ешқандай ұрыс-керіс байқалмаған.

Көршісі әрі оқиғаға куә болған жергілікті тұрғын сол түні көрген-білгенін баяндап берді.

«Кішкентай бала болған жоқ. 9-10 жасар бала болды. Қара іш киім киіп алған. Мен есіктегі тесіктен қараған кезде, есік ашылған кезде, үйінің іші көрінеді. Үйінде шыңғырып тұр екен, есік ашып. «Шымкенттік қазақпыз» деді. Әжесі мен атасын көріп тұрамын, менен кіші кісілер», — деді куәгер Анар Қожабаева.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдай болған орынды құқық қорғау органдары тексеріп, тергеу амалдарын жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар