Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әйеліме лайк басып, сен сондай әдемісің деген": Берденовті бес рет атқан сотталушы бар шындықты жайып салды

13:27, 06 тамыз 2025 906

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі басталды. Сотталушы Ернар Жиембай шенеунікке шабуыл жасауының себебін айтып берді, деп Alash.kz ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мұны халық естісін, бұл қызметкен байланысты емес. Барлығы қызғаныштан басталды", – деді Ернар Жиембай.

Соттағы жауап алу кезінде ол отбасылық жағдайын баяндап, әлеуметтік желілерде тарап жатқан қауесеттерді жоққа шығаруға тырысты.

"6-сыныптан бірге оқыған едік – ол менің адал жарым, сүйікті әйелім. Ол ешқашан бөтен ер адамдармен араласпаған. Жақсы тәрбиеленген, текті отбасынан шыққан қыз. Желіде жазылып жатқандай жеңіл жүрісті емес", – деді сотталушы.

Айтуынша, олардың тұңғыш баласына аутизм диагнозы қойылған. Ернар Жиембайдың әйелі сол диагнозы бар өзге бір баланың отбасымен тығыз араласқан. Бұл отбасы Руслан Берденовтің туыстары екен. Әйелі солармен бірге арнайы дамыту сабақтарына қатысқан.

"Жұбайым Берденовпен бірге бір дастарханда болған, тіпті "черная касса" ойнағандарын да білемін", – деді ол.

Бір күні Ернар Жиембай әйелінің телефонына келген хабарламаны көреді. Онда Руслан Берденов сотталушының әйеліне лайк қойып, "Сен сондай әдемісің" деп жазған.

"Мен бұған артық мән бермедім. Өзім де әпкелеріме осындай сөздерді айтатынмын", – деді Жиенбай.

Оқиға болардан бір күн бұрын ол Берденовке кездесуге бармақ болып, жұбайынан киімін дайындап қоюын сұрайды. Бірақ үйге келгенде, киімнің дайын болмағанын, ал көйлегінің шеті күйіп қалғанын көреді.

"Кешігіп бара жатқан едім. Сол кезде әйелім Берденовтің қалай киінетінін айта бастады. Айтуынша, оған 5 миллион тұратын костюмдер ұнайды екен. Міне, бұл да мені ашуландырған себептердің бірі болды", – деді айыпталушы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар