Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әйелі мен қызын соққыға жығып, полицейді пышақпен жаралаған». Павлодарда сұмдық жағдай орын алды

13:20, 20 сәуір 2025 352

Павлодар қаласында ер адам әйелі мен қызын соққыға жығып, полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салды. Бұл туралы Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Оқиға 19 сәуір күні таңғы сағат 6:30-да болды. «102» нөміріне 15 жастағы қыз қоңырау шалып, әкесінің анасын ұрып жатқанын жылап хабарлаған. Шақырту орнына бірден полиция наряды – капитан Алмаз Жәкіпов пен лейтенант Төлеген аттанды», — делінген полиция таратқан хабарламада.

Көпқабатты үйдің подъезінде оларды көз жасына ерік берген мектеп оқушысы қарсы алды. Ол әкесінің өзін де ұрып, кейін анасына қол көтергенін айтты.

«Полиция қызметкерлері пәтерге көтеріліп, 40 жастағы мас ер адамды ұстауға тырысқан. Алайда ол тәртіпке көнбей, қарсылық көрсетіп, капитан Жәкіповті білегінен пышақпен жаралаған. Соған қарамастан, тәртіп сақшылары күдіктіні залалсыздандырып, ұстауға қол жеткізді. Жарақат алған полиция қызметкеріне дереу медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның өміріне қауіп жоқ», — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, отбасылық зорлық-зомбылық пен қызметтік тұлғаға шабуыл жасау баптары бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар