Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әйелі мен 4 жастағы қызын өлімші етіп сабаған күйеуі тек айыппұлмен құтылды

14:31, 19 ақпан 2025 520

Ер адам әйелін және оның кішкентай қызын соққыға жықса да, айыппұлмен құтылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласында ер адам мас күйінде азаматтық жұбайын және оның төрт жасар қызын қатыгездікпен ұрып-соқты.

Оқиға қалай болды? 

Сот мәліметіне сәйкес, оқиға 2024 жылғы 23 желтоқсанда болған. Ер адам мен оның бірге тұратын серігі арасында жанжал туындап, ол ашуға мініп, ұйықтап жатқан төрт жасар қызды төсегінен оятып, оның кеудесінен теуіп жіберген.

Балаға араша түскен анасына да бірнеше рет жұдырық жұмсаған.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындады.

Сот оның әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы («Сабау») бойынша саралап, 393 200 теңге (100 АЕК) көлемінде айыппұл салды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар