Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әйел мен әйел сөйлеспейді". Ауғастан әйелдерге шектеуді күшейтті

10:38, 28 қазан 2024 414

Тәліптердің министрі Халид Ханафи ауған әйелдеріне тек ер адамдармен ғана емес, сонымен қатар әйелдермен де көпшілік алдында сөйлесуге тыйым салды, деп хабарлайды Alash.KZ «Голос народаға» сілтеме жасап.

Оның мәлімдемесіне сәйкес, әйелдерге өзінен басқа ересек әйелдермен сөйлесуге тыйым салынған. Осылайша, әйелдер басқа әйелдердің қатысуымен Құранды дауыстап оқудан бас тартуы керек.

Басылымның мәліметінше, 2021 жылдың тамыз айында Ауғанстанда билікке тәліптер келгеннен кейін, елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамнан бөлек саяхаттауға және көпшілік алдында, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынған болатын.

Оларға саябақтарға баруға, шомылуға және спорттың кез келген түрімен айналысуға рұқсат жоқ. Сұлулық салондары да жабылды.

Әйелдерге арналған баспаналарды жабуға тура келді, ал әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою туралы заң күшін жойды. Әйелдерді көпшілік алдында жиі ұрып-соғып, «исламға қайшы мінез-құлық» үшін түрмеге отырғызады – бұл «айыптауға» кез келген әрекет жатқызылуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар