Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айбек Дәдебай жаңадан құрылған «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды

13:00, 07 мамыр 2026

Бүгін Астана қаласында «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өтті. Партияны құру туралы бастаманы съезге қатысқан 931 делегат қолдады деп жазады Alash.KZ

Съезд барысында делегаттар партияның атауын бекітіп, жарғысы мен бағдарламасын қабылдады. Сондай-ақ партияның жетекші органы жасақталып, төрағасы сайланды.

Партия төрағалығына Айбек Дәдебайдың кандидатурасы ұсынылып, делегаттар оны бірауыздан қолдады.

Айбек Дәдебай бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар