Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің үстінен кімдер арыз түсірді? Бұл туралы министр өзі мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
"Қазір Астана әкімшілік сотында бір ғана іс қалды, 19 қыркүйек күні бірінші отырысы өтеді. Бірақ сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің грантын да, мемлекеттік грантты да алған. Сондықтан соттың шешімін күтеміз", - деді ол.
Айтуынша, қазіргі таңда сотқа жүгінген түлектердің барлығы грант иеленген.