Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінен әйел адамның бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Oқиға Әуезов көшесінде орналасқан №24 үйде орын алған. Баспана есігі ішінен ашылмағандықтан, полиция шақыртқан Жедел-құтқару жасағының мамандары оны бұзып кіруге мәжбүр болған. Пәтер ішіне кірген мамандар аяқ-қолы кесілген әйел мәйітін тапқан. Қазіргі уақытта оқиға болған жерде жедел-тергеу тобы тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Аталған кісі өлтіру фактісіне байланысты Павлодар облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, ресми мәлімдеме жасады.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады».
Сонымен бірге құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, со сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайтынын жеткізді.