Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аямай тепкіледі: Астанада автобустың ішінде жас бала мен ер адам төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Аямай тепкіледі: Астанада автобустың ішінде жас бала мен ер адам төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Астанада автобус ішінде жас жігіт өзінен жасы үлкен ер адамды ұрып жіберді, деп жазады Alash.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға екі жолаушының сөз таласынан басталған. Әуелі дауыс көтеріп ұрысқан ер адамдардың жанжалы ақырында төбелеске ұласқан.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада екі ер адамның бір-біріне жұдырық сілтеп, соққы алмасқаны анық көрінеді. Жолаушылардың бірі арашалуға тырысса, енді біреулері шетке қарай ығысқан.

Елорда Полиция департаменті төбелестің болғанын растады. Ведомство мәліметінше, оқиға тіркелген, қазір "Сарыарқа" аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жанжалға қатысқан азаматтарды анықтап, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар