Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Аяғы ауыр болған”. Түркістан облысында 27 жастағы әйелдің денесі табылды

17:53, 04 шілде 2025 269

Түркістан облысында таулы аймаққа демалуға барған келіншек Сайрамсу өзенінде мерт болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 
Қайғылы оқиға Төлеби ауданындағы “Сайрам-Өгем” ұлттық паркінде тіркелді. Тексеру барысында марқұмның жүктілік кезеңінде болғаны анықталды.

Жақындарының мәлімдеуінше, 27 жастағы әйел отбасы мүшелерімен табиғат аясында сейіл құрып жүріп, суы тасып жатқан өзенге абайсызда құлап кеткен.

 Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 5 құтқарушысы мен 2 техника жұмылдырылғанымен, әйелдің денесін туыстары мен орманшылар судан өз күштерімен алып шыққан.
Төтенше жағдайлар қызметі демалыс кезінде әсіресе балалар мен әйел адамдардың қауіпсіздігіне жіті көңіл бөлуге шақырып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар