Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аягөз әскери бөлімінде сарбаз көз жұмды

16:42, 21 мамыр 2025 153
 

Абай облысының Аягөз әскери бөлімінде Саламат Сәбитов есімді 18 жастағы сарбаз көз жұмды. Туыстарының айтуынша, оны әскерилер ауруы туралы анықтамасына қарамастан әскерге алып кеткен, деп жазады Alash.KZ Qazaq Today сайтына сілтеп. 

Жігіт наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысынан шақырылған. Ол әскерде үш апта ғана болып, тіпті ант қабылдап та үлгермеген. Марқұмның туыстары Саламаттың денсаулығында назар аударарлық мәселелер болғанын айтады.

«Ол әскерге жарамсыз болды. Қолымызда анықтама да болды. Саламаттың омыртқасы ауырған. Көзінде көру қабілетінде де мәселелер болды. Бұған қарамастан, оны танк бөліміне қызмет етуге жіберді. Ол бір апта ауруханада жатты. Жағдай қалай нашарлады, ата-анасын шақырды», – деді оның туыстары.

Қазір қаза тапқан сарбаздың ата-анасы Аягөзде. Өлімнің алдын-ала себебі – менингитке байланысты мидағы іріңнің қабынуы.

Қорғаныс министрлігі Саламат Сабитовтың көз жұмғанын растады және кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.

Дереккөздерде Саламат Сәбитовты әскерге жіберген Солтүстік Қазақстан облысының әскерге шақыру комиссиясында ішкі тексеру басталғаны айтылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар