Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әй, мәйіт жатыр ғой. Әруақты сыйласаң нетті?!”: Журналист Шахановтың жаназасындағы жайтты сынады

20:03, 22 сәуір 2026

Журналист Азамат Әбілқайыр ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінде болған жайтқа қатысты желідегі парақшасында жазба жариялады, деп жазады Alash.kz.

Ол әнші Қайрат Нұртаспен суретке түске түскен азаматтардың әрекетін сынға алып, марқұмды соңғы сапарға шығарып салу кезінде әдеп пен құрметтің сақталуы маңызды екенін атап өтті.

“Ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне әнші Қайрат Нұртас келді. Елеусіз, ың-шыңсыз кіріп-шыққысы келгені байқалады. Бірақ біраз адам ұстап алып, (ақсақалдар мен қарасақалдар) жаппай фотоға түсіп, әрі-бері тартқылап есін тандырды. Жарайды, Қайрат ондайды бірінші рет көріп тұрған жоқ. Бірақ үлкен кісілердікі не? Қайратпен дәл садақада түсу керек пе? Жаназасы оқылмады ғой! Әй, мәйіт жатыр ғой. Әруақты сыйласаң нетті?! Ұят қой, ағалар-ау! Сана жоқ. Деңгей жоқ. Әре жоқ”, - деп жазды ол. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар