Германияның федералдық армиясы Иран маңындағы қауіпсіздік жағдайының күрделенуіне байланысты Таяу Шығыс өңірінен қосымша әскерін шығара бастағанын мәлімдеді, деп жазды Аlash.kz.
Германияның федералдық армиясы таратқан ақпаратқа сәйкес, аймақта орналасқан әскери бөлімдердің бір бөлігі кезең-кезеңімен кері қайтарылады.
Атап айтқанда, Эрбиль қаласындағы неміс әскери контингентінің саны айтарлықтай қысқартылған. Сонымен қатар Бахрейндегі әскерилер елге қайтарылған. Ал Кувейтте орналасқан бөлімдерді шығару бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ Бағдад қаласындағы Германия елшілігінің қызметкерлері мен әскери мамандар қауіпсіздік мақсатында Иордания аумағына көшірілген.
Мәліметтерге қарағанда, өңірде, негізінен Ирак пен Иорданияда шамамен 500-ге жуық неміс әскери қызметкері орналасқан.
Айта кетейік, Германияның кейбір әскери бөлімдері БҰҰ-ның Ливандағы уақытша бітімгерлік күштері құрамында қызмет атқарып келген.