Жексенбі күні таңертең Бруклинде төрт қыз бала қасапшы балтасымен жарақатталды, деп хабарлайды Alash.kz.
New York Post басылымының мәліметінше, олардың туысы ақылға қонымсыз қанды жанжал ұйымдастырған.
Полиция таңғы сағат 10:15 шамасында 84-ші көшедегі үйге келіп жеткен. Себебі жарақат алған 11 жастағы қыз бөлмеге тығылып, 911 құтқару қызметіне хабарласып, диспетчерге өзінің және бауырларының пышақталғанын, бұл әрекетті олардың ағасы жасағанын айтқан.
«Осы сәтте полицейлер есіктің ар жағынан шыққан айқай дыбыстарын естіп, дереу пәтерге аяқпен есікті теуіп кірген», – деді оқиға орнында өткен брифингте Нью-Йорк полициясының комиссары Джессика Тиш.
Қылмыскер полиция қызметкерлері тарапынан атып өлтірілді.