Белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов Қазақстан ҰҒА академигі, математик Асқар Жұмаділдаевқа бағалы сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Сырымбек Тау әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады:
Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев ағамызға тосын сый!
Қазақтың тірі қазынасының бірі, ардақты ұстазымыз Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Осы мерейтойына орай Жұмабек Жанықұлов ағамыз ерекше тосын сый жасап, ағамызға Hyundai Palisade автокөлігін мінгізді.
Ағамызды мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, ұзақ ғұмыр, тілейміз!
Асқар Жұмаділдаев мерейлі жасқа тосын сый хақында былай деді:
Ағаларың 70-ке келіп жатыр. Жұрттың бәріне тойламаймын деп айттым. Бірақ, естіп, өздері келіп сыйлық беріп жатыр. Күтпеген сыйлық болды. Өмірі тапал мәшине мініп едім. Бәрекелді, рақмет! Мұны да үйреніп аламын. Жұмекең маған осындай сыйлық жасап отыр. Інілеріміз бар. Бәрің де менің жасыма жетіңдер! Асып кетіңдер!