Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Дамир Ермағанбетов арнайы бейнеүндеу жариялап, алматылықтарға жер сілкінісінен кейінгі жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Аlash.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті түсініктемесінде мәлімдегендей, сейсмологтардың датчиктері дүмпуді тіркеген сәтте Mass Alert жүйесі автоматты түрде іске қосылған.
“Алаңдауға себеп жоқ, қайталама афтершоктар күтілмейді”, – деді Ермағанбетов.
ТЖД жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.