Астанада өтіп жатқан бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында күміс медаль алған қырғыз ойыншылары медальдарын шешіп тастады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұған дейін жетекші Ерлан Әбдіғаппаров ойынның әділетсіз өткенін айтып еді.
Әділетсіз болатынын білгенбіз. Бірақ мұншалықты деңгейде қазақтың тақымына бастырып, ысқырып, қазақтың көкпаршыларына 4 салым салдырып, осындай әділетсіздік болады деп ойлаған емеспіз, - дейді Қырғызстан спортшысы.
Ол Қазақстанның күн құрылымдары тарапынан қысым көргенін айтады.
– Бір үш те бір есебімен ұтып жатқанда жеке аттар шыққанда біздің бала артқа қараған кезде құлаққа бастырып, ысқырық беріп, төрт жолы салым салдырды, – дейді ол.