Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әділ сайлау өткізу – азаматтардың белсенділігін көрсетеді

13:26, 07 наурыз 2023 249
Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында, мақалалары мен сұхбаттарында айтқан сайлауға қатысты бірнеше тезистер бар. Содан мысал келтірсек.

Мәселен, 2019 жылдың 1-қыркүйегінде «Сайлау заңдылық, әділдік және азаматтардың өз еркін білдіру бостандығы қағидаттарына қатаң сәйкестікте өтуі тиіс» деген болатын. Бұл мемлекет басшысының «Қазақстанның жаңғыруы: барша қазақстандықтардың өркендеу жолы» атты жолдауынан.

Одан бір жылдан кейінгі, яғни 2020 жылдың 7 маусым күнгі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сайлау жүйесі: кепілдік» атты мақаласында «Құқық және демократия» туралы айтылады. Онда «Сайлаудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін сайлау процесінің тетіктерін жетілдіру, оның ішінде заңнаманы жетілдіру және сайлау комиссияларының жұмысын жетілдіру қажет» делінген болатын. Осы талаптардың бәрі өткен жылғы Президент сайлауында орындалды. Енді наурыздың 19-күні болатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде де бұл талаптар қатаң сақталып, сайлаудың әділ, таза өтуі үшін барлық жағдайлар жасалуы керек!

Мемлекает басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 22 қаңтар күнгі Қытайдың «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында «Сайлау сенім мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу жағдайында өткені маңызды» деген атпен мақала жарияланған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың «МИР 24» телеарнасына, 2021 жылдың 8 наурыз күні берген сұхбатында «Сайлау – қоғамымыздың кемелдігін, азаматтық ұстанымымыз бен жауапкершілігімізді сынау. Біз бұл сынақтан жоғары деңгейде өтетінімізге сенімдімін» деген болатын. Оны өткен жылғы Президент сайлауында көрдік.

«Қазақстан-2021: Ұлттық мүдделер және жаһандық сын-қатерлер» атты жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сайлау – әрбір азаматтың қасиетті құқығы, мен барша қазақстандықтарды осы маңызды үдеріске белсене қатысуға, өз ерік-жігерін білдіруге және елдің дамуына үлес қосуға шақырамын» деген еді. Президент айтқандай, осы күні халықтың сайлау туралы көзқарасы өзгерген. Белсенділігі жоғары. Әркім өз болашағын елдегі сайлаулармен байланыстыратын болған. Бұл біздің халықтың болашаққа деген сенімі мен жігерін көрсетсе керек.

Белгілі саясаттанушы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың айтуынша, қазақстандықтар сайлаудың өте әділ және заңды түрде болғанын, заңсыздықтардың болмауын қалайтынын жеткізді. Ол «Менің жеке пікірім бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанның саяси жүйесі эволюциялық түрде бірте-бірте өзгеріп келе жатқаны анық. Бұл пікірімізге әртүрлі объективті және субъективті факторларды мысал ретінде келтіре аламыз. Бір нәрсені ашық айту керек. Саяси жүйені эволюциялық түрде өзгерту және саяси реваншизм деген екеуі бір-біріне ұқсамайтын әңгімелер. Халықаралық турбулентті әртүрлі жағдайда біздің елімізге саяси реваншизмнің мүлдем керегі жоқ дер едім. Ондай жол Қазақстанды жолсыз тұйыққа апарып соқтырады. Ал еліміздегі саяси реформалар – қазақстандықтардың саяси мәдениетін көтеруден бастау алатынын айта кетейін. Қазақстанда 12 миллионнан артық сайлаушы бар. Осы азаматтардың бәрі өзінің саяси, дауыс беру құқығын пайдалануды үйреніп, сайлауға белсенді қатысуды бәрі меңгерген кезде ғана Қазақстанда демократиялық сайлау өтеді. Демократияға, әрине ешқандай альтернатива жоқ екені ешкімге құпия емес», – деп түсіндірді alash.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар