Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Qarmet компаниясының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесары Айбар Қосановқа ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордені табыс етілді. Марапатты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыстады.
"Айбар батырлық танытты және шахтада болуы мүмкін қауіптің алдын алды. Еңбегіңіз үшін рақмет, отбасыңызға, ата-анаңызға мың алғыс. Сізді шын жүректен лайықты марапатпен құттықтаймын", - деп атап өтті облыс әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 2 мамырында Айбар Қосанов Костенко атындағы шахтада 190-нан астам шахтер болған кеніштегі тұтанған түтінді дереу өшірген болатын.
"Бұл күні мен әдеттегідей жұмыс істедім, кенет тұтанған жер болуы мүмкін деген ақпарат келді. Мен оны көзбен көру үшін 700 метрдей жерге жүгіріп бардым. Ойымда қорқыныш сезімі болған жоқ. Барсам таспаның тұтап жатқанын көрдім. Ештеңе ойланбастан екі өрт сөндіру құралын алып, өшіріп тастадым. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, облыс басшылығына жоғары марапаты үшін алғыс айтқым келеді, бұл мен үшін және менің отбасым үшін күтпеген және өте тосын сый болды", - деді Айбат Қосанов.
Ол бұл марапат тек өзінің ғана емес, сонымен қатар диспетчерлік бөлімінің жалпы сигнал кезінде жедел жұмыс істеген барлық әріптестерінің де еңбегі екенін айтты. Қосанов компанияға жоғары дайындығы үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде Qarmet бас директоры Вадим Басин компания кеншінің ерлік әрекетін назардан тыс қалдырмайтынын атап өтті.
"Жалпы, қазір шахталарда қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Маңызды қадамдардың бірі Qarmet көмір нысандарында позициялау жүйесін орнату болды. Біз қызметкерлеріміз үшін жер астындағы еңбекті қауіпсіз етуге тырысамыз", - деді Басин.
Айбар Қосанов Костенко шахтасында 2022 жылдан бастап конвейерлік көтеру учаскесінің жерасты электрослесары лауазымында жұмыс істейді, бұған дейін басқа кәсіпорындарда жұмыс істеген. Үйленген, үлгілі отбасы екі бала тәрбиелеп отыр.
"Әдеттегідей жұмыс істедім". Айбар Қосанов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды
Талғарда «Дала қырандарының» белсенділері республикалық #жаттығу жобасын# бастады
23:22, 13 қыркүйек 2026
Трамп Зеленскийді Ресейдегі отын нысандарына шабуыл жасауды тоқтатуға шақырды
22:00, 13 қыркүйек 2026
Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 жастағы ұлы үйленгелі жатыр – Назарбаев кіммен құда болды
18:54, 13 қыркүйек 2026
Тоқаев: Жасанды интеллект саласы бойынша БРИКС плюс серіктестігін іске қосуды ұсынамын
17:10, 13 қыркүйек 2026
«Қазақстан сияқты достас елдердің озық тәжірибесіне сүйенеміз» – Эфиопия Премьер-министрі
13:24, 13 қыркүйек 2026
Үздік үштікке енді: Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-Придің күміс жүлдесіне ие болды
12:19, 13 қыркүйек 2026
«Жоғары бағалаймын»: Трамп Тоқаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
11:30, 13 қыркүйек 2026
«Трамп жолдаған құттықтау хатты табыстады»: Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілімен кездесті
10:00, 13 қыркүйек 2026
«Кездесіп, шешім қабылдауымыз қажет»: Зеленский Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді
21:17, 12 қыркүйек 2026
"Екінші мәрте сүрінген". Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында Филиппиннен жеңілді
21:15, 12 қыркүйек 2026
Песков Зеленскийге "ақыл айтып", Путинмен кездесу үшін Мәскеуге келуді ұсынды
18:28, 12 қыркүйек 2026