Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әдепсіз қарым-қатынастардан сақтаймыз". Ирак билігі қыздардың некелесу жасын 9 жасқа дейін төмендетуді жоспарлап отыр

14:19, 10 қараша 2024 579

Иракта қыздардың неке жасын төмендетуге қатысты заң жобасы әзірленіп жатқаны хабарланды. Ақпаратқа сәйкес, қыздардың неке жасы 18-ден 9 жасқа дейін төмендетілмекші, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Қыздардың неке жасын төмендетуге қатысты ұсынысты елдегі ультра консервативті шиит партиялары енгізуге күш салып жатыр. Аталмыш заң жобасында әйел құқын шектейтін бірқатар тармақтар бар. 

Билік болса мұндай заң мазмұнының қатаң ислами заңдарға сәйкес келетінін айтқан. Жас қыздарды «әдепсіз қарым-қатынастардан» қорғауға бағытталғанын жеткізген.

Заң жобасы үлкен дау туғызып, елде де, шетелде де қарсылыққа ұшырап жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар