Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге үндейміз": ҚМДБ Сарыағаш медрессесінің ұстазы Смановқа ескету жасады

14:20, 13 наурыз 2025 187

Түркістан облысының Сарыағаш мешітінде болған оқиғаға орай ҚМДБ мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір.

Бұған дейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды.

Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейміз.

Айта кету керек, кеше әлеуметтік желіде және ақпарат алаңында Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінің шәкірттері мешіт ұстазына ұқсас ер адамның аяғын уқалап отырғаны туралы видео тарады.

Видеодағы  медресенің ұстазы Әбдужаппар Сманов екені белгілі болды. БАҚ өкілдері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бұл жайтқа қатысты жауап беруін сұрады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар