Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Адамдарға менің амбициям ұнамай қалды". Дубайда жүрген Дариға Бадықова "өмір жайлы" сыр шертті

19:46, 02 желтоқсан 2025 152

Дариға Бадықова жаңа жасын Дубайда қарсы алып, өмір жайлы ой бөлісті Alash.kz ұлттық порталы.

Әртіс Дариға Бадықова туған күнін Дубайда атап өтіп, әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды 

Өнер иесі өткен жылдың өзіне көп ой салғанын айтып, өмірдің әр сәтін қадірлеу керегін атап өтті.

«Бір жылдың қадірін білгің келсе — келесі сыныпқа өте алмай қалған оқушыдан сұра. Бір айдың қадірін білгің келсе — 8 айлық шарананы дүниеге әкелген анадан сұра. Бір минуттың қадірін білгің келсе — пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұра дейді.

Құдай бәрімізге бірдей 24 сағат, бір өмір берді. Әр минуттың қадірін білу — пенденің өз таңдауы. Бұл жыл маған көп нәрсенің өткінші екенін ұқтырды», — деп жазды ол.

Бадықова өз жазбасында адамдармен қарым-қатынас жайлы айтты, бастан өткерген сезімі мен тәжірибеcін бөлісті:

«Кей адамдардың көңілін түсірдім, кейбірін қуанта алдым.

Кейбірін ренжітіп алдым, кейбірін жұбаттым.

Кей адамға барыммен сеніп, кейін есімді жиып алдым.

Кейбірі мені түсіне алмады, кейбіріне амбициям ұнамады. 

Не де болса, мен өзіме адалмын», — дейді ол.

Сондай-ақ, актриса өзіне арнаған тілек жолдап, алдағы уақытта жүзеге асатын жоспарлары көп екенін жасырмады.

«Мерейлі жасым құтты болсын, Бадыкова! Құдай денсаулық берсін. Әлі талай туынды, талай миссия бар. Жанымдағы жандар адалынан болсын», — деп жазды әртіс.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар