Сайрандағы демалушылар 19 мың теңгеден айыппұл арқалады, деп жазады Alash.KZ.
Алматыдағы су қоймасы қайта жаңғыртудан соң ресми түрде әлі ашылмады. Сол себепті онда шомылуға тыйым салынған. Дегенмен көпшілік оған құлақ аспайды. Күніне кем дегенде 4 мың адам келеді екен.
Оның үстіне қазір жағалау қоқысқа толып қалған. Құмда шеге қағылған тақтайлар, бөтелкелер мен тамақтың қаптамалары шашылып жатыр. Қалдықтар тіпті судың ішінде қалқып жүр. Оған қарамастан ересектер мен балалар алаңсыз шомылып жүр.
Полиция түсіндіру жұмыстарын жүргізгенімен, шомылғаны үшін айыппұл сала алмайды. Ал демалыс аймағын ластағаны үшін айыппұл көзделген. Қазір 20 адам жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысы 19 жарым мың теңгеден төлеуге міндеттелді.
Адам өлді. Сайрандағы демалушыларға айыппұл салынды
СтанКЗ
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан 2027 жылдың соңына қарай 3G-ден толығымен бас тартады – Жаслан Мәдиев
14:00, 24 қараша 2026
«Педогогтерге қолдау!»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
10:49, 24 қараша 2026
Қаралы хабар: Қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов өмірден озды (ФОТО)
09:25, 24 қараша 2026