Халықаралық рейспен ұшып келген жолаушыдан 35 дана діни мазмұндағы кітап тәркіленді, деп хабарлайды Alash.kz.
"Әбу-Даби-Түркістан" бағыты бойынша рейс қонып, келген азаматтарды тексеру барысында қалалық әуежайда “Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы” заңнаманы бұзған 22 жастағы Атырау қаласының тұрғынын анықталды.
Тексеру барысында азаматтан 35 дана діни мазмұндағы кітаптар табылып, тәркіленді.
Құқық бұзушы Қазақстанның заңнамасында діни әдебиеттерді әкелу кезінде белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды.