Апат атып келмейді дейміз. Биыл айтып келіп жатқан апаттар азаймай тұр. Абай облысындағы орман өрті сөндірілді. Бұл туралы Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды alash.kz.
Ведомствоның мәліметінше, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалына қарасты Дмитрев орман шаруашылығындағы 0,8 гектар аумақтағы табиғи өрт сөндірілді.
Абай облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.
Еске салайық, 26 сәуірде Абай облысында тағы да орман өртенген еді. Өрт Бородулиха ауданындағы шалғай аумақта болды. Орман өртін сөндіруге қосымша күш жұмылдырылды