Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абай облысында 17 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

13:43, 11 наурыз 2024 296

Абай облысында пайдаланылмай жатқан 17 мың га-дан астам жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. 

Прокуратура мәліметінше, жер иесі оны үшінші тұлғаларға жалға беріп жіберген.

Жарма ауданының прокуратурасы жергілікті шаруа қожалықтарының бірі өзіне берілген 17 мың га-дан астам жер телімдерін ұзақ уақыт пайдаланбай, үшінші тұлғаларға қосалқы жалға бергенін анықтады.

Сот шешімімен бұл жер учаскелері мемлекет пайдасына алынды, олардың кадастрлық құны 329 млн. теңгені құрады.

Қазіргі уақытта оларды басқа мұқтаж жер пайдаланушыларға, соның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті инвесторларға беру мәселесі шешілуде, делінген хабарламада. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар