Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абай облысы Татарстан Республикасымен ынтымақтастықты дамытуды көздейді

03:42, 12 желтоқсан 2023 228
Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған делегация жұмыс сапарымен арнайы Татарстан Республикасына келді. Негізгі мақсат – екі өңір арасындағы байланыстарды нығайту, серіктестік қатынастарды кеңейту, ынтымақтастықты дамыту.



Делегация құрамында Семей, Курчатов қалаларының әкімдері, облыстық мәслихат төрағасы, өңірдің ірі кәсіпкерлері мен бизнес өкілдері, басқарма басшылары және ЖОО ректорлары бар.



Сапар бағдарламасының маңызды бөлігі Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесу болды. Екі жақты ресми кездесу барысында өнеркәсіпті дамыту, білім беру, туризм, мәдениет, спорт, энергетика, машина жасау және цифрландыру мәселелері талқыланды.



«Бүгінгі кездесу – тамыры түркіден тарап, ежелден іргесі сөгілмей келе жатқан туысқан екі ел ынтымағының жарқын көрінісі. Мемлекет басшыларымыздың кемел саясатының арқасында, біздің достық қарым-қатынасымыз нығайып, дамудың жаңа белесіне көтерілді. Біз әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сипаттағы барлық бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастыққа мүдделіміз. Бұл кездесу екі тарап үшін де жемісті, ал сапар өзара ынтымақтастық көкжиегін кеңейтеді деген сенімдемін», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.



Делегация Татарстан Республикасының инвестициялық даму агенттігінде болды. Бұл ұйым өз қызметінің 10 жылында түрлі салаларда тұрақты оң динамиканы көрсетті. Мекеме басшылығы болашақта ірі жобаларда Абай өңіріміне біргежүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ, Сауда-өнеркәсіп палатасында Абай облысы мен Татарстан Республикасының кәсіпкерлері бас қосып, ашық форматта екі өңір кәсіпкерлері арасында келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруда уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдің ЖОО-ның ректорларымен бірге Қазан федералды университетіне барды. Бұл университетте 18 факультет, 164 кафедра, сондай-ақ 4000-ға жуық оқытушы бар. Кездесу барысында екі өңірдің университеттері арасындағы ынтымақтастық және студенттермен алмасу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ делегация мүшелері Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасына болды. Бүгінде оның қорында 3 млн 200 данадан астам баспа туындылары, оның ішінде татар тіліндегі 104 мың кітап бар, қолжазба және сирек кездесетін кітаптың 14 мың данасы жинақталған.

Алдағы уақытта Абай облысының делегациясы озық технологияларымен танымал Иннополис қаласына баруды жоспарлап отыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар