Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Абайсызда атылған оқ". Алматыда әскери қызметші тапаншадан жарақат алды

09:22, 18 қыркүйек 2024 373

Алматы қаласында әскери қызметшінің тапанша қолдану барысында жарақат алғаны хабарланды. Қазір себептері мен мән-жайы анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Оқиға Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімшесінің оқу-жаттығу жұмыстарында болған. 

ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі аталған жағдайды растады.

Полигондағы оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін, әскери қызметшілерге қаруды тапсыру кезінде абайсызда атылған Макаров тапаншасынан сұқ саусағы жеңіл жанама жарақат алынды. Оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Себептері мен мән-жайы анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, - деді ҚР Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар