Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абай облысында әкесі анасы үйде жоқта қызын азаптап, зорлық қылған

14:48, 18 желтоқсан 2024 620

Өгей әкесі әйелінің жоқтығын пайдаланып, 12 жастағы қызына бір стақан шарап ішуге мәжбүрлеген. Біраз уақыттан кейін диванда жатқан С., телефонынан фильм көру үшін қызды қасына жатқызуға шақырған, деп хабарлайды Alash.kz.

Абай ауданының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының іс материалдарында анықталғандай, ер адам кәмелетке толмаған қызға күш көрсетіп, белсенді қарсылық пен айғайға қарамастан оның киімін шешіп алып, кәмелетке толмаған жәбірленушінің денесін ауыртып, азаптап, жыныстық қатынасқа түскен. 

«С., өзінің қылмыстық әрекеттерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты, яғни жәбірленушіге күш қолданып, оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жасаған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігінің санкциясында өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. С. кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді», - деп хабарлады ведомстводан. 

Сот С.-ны кінәлі деп танып, ҚК-нің 50-бабының 2-бөлігінің негізінде өмір бойына ұстаздық және педагогикалық қызметтерді атқаруға тыйым салумен төтенше қауіпсіздік жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар