Ұлттық қолөнерге қызығушылығмен, бейімдігімен ерекшеленетін Әлихан Салихан қамшы өрудің 15 түрін меңгерген. Абай облысы Аягөз ауданындағы №5 мектептің 7-сынып оқушысы гаджеттер мен әлеуметтік желілерді емес, ата-баба өнерін серік еткен.
Ол қамшы өрудің күрделі техникасын өз бетімен үйреніп, бүгінде дойыр, тобылғы сапты, өрме, сегіз өрім, шынжыр баулы, сәндік, алақанды секілді бірнеше түрін өреді.
"Қамшы – жай ғана бұйым емес, бұл тарих және рух. Әр өрімді жасаған сайын ата-бабаларымыздың өмір салтын, батырлық болмысын көз алдыма елестетемін. Мақсатым – қамшы өру өнерін меңгеріп қана қоймай, замандастарыма үлгі болып, ұлттық мұраға құрметпен, қызығушылықты арттыру", – дейді жас шебер.
Ол қамшының шығу тарихына да қызығушылық танытып, зерттеу жүргізуде.