Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласының үстінен қылмыстық іс қозғалды (Видео)

16:58, 26 маусым 2025 118

Танымал әнші Абай Бегейдің екінші қызы Гүлеркем Ниязқұлова күйеуімен бірге заңсыз жолмен 162 млн теңге табамын деп ұсталып қалды, деп жазады Alash.KZ.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар автокөлік, пәтер, басқа да бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ойнатқан.

Ақтау қаласында тұратын ерлі-зайыпты Instagram, TikTok және Telegram әлеуметтік желілері арқылы 850 мыңнан астам оқырман жинап, онлайн лотереялар ұйымдастырған.

Олар лотерея операторы ретінде тіркелмеген, бірақ соған қарамастан автокөлік, пәтер, басқа да бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ойнатқан.

Қатысушылар лотереяға 500-50 000 теңге аралығындағы билеттерді (цифрлық нөмірлер) сатып алу арқылы қатысқан.

Тергеу деректеріне сүйенсек, заңсыз ұйымдастырылған бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар