Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"99,85% дауыс жинаған": Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында жеңіске жетті

12:17, 21 қыркүйек 2026

Орталық сайлау комиссиясы Шешен Республикасы басшысын сайлаудағы дауыс беру қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бюллетеньдердің 100 пайызы өңделгеннен кейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 99,85 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. ОСК ресми мәліметіне сәйкес, «Единая Россия» партиясы атынан түскен Рамзан Қадыровқа республика тұрғындарының басым бөлігі дауыс берген. Сайлау додасына қатысқан қалған кандидаттардың еншісіне пайыздың азғантай бөлігі ғана тиді: «Справедливая Россия» партиясынан түскен ЧР Қоғамдық палатасының төрағасы Исмаил Денильханов 0,05 пайыз, ал КПРФ атынан қатысқан ЧР парламентінің депутаты Халид Накаев 0,05 пайыз дауыс жинады. Аймақ басшысы лауазымына өткен бұл сайлау науқанына жалпы үш кандидат қатысқан болатын. Рамзан Қадыровтың бұл соңғы көрсеткіші қазіргі Ресей тарихындағы өңірлік сайлаулар бойынша ең жоғары нәтижелердің біріне айналды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар