Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

92 жылға сотталды: қатыгез әке үш айлық сәбиді тұншықтырып өлтірді

21:08, 05 шілде 2025 175

АҚШ-тың Индиана штатындағы Лафайетт қаласында ер адам үш айлық ұлын қатыгездікпен өлтірді. Ол сәбиді кір жуғыш ұнтақ салынған шелекке батырып жіберген, деп жазады Alash.KZ.

Local12 порталының мәліметінше, 2024 жылдың 10 тамызында тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар әйел дәрігерлерден көмек сұраған. Дәрігерлер дереу полиция шақырған. Құқық қорғау органдарына әйел 29 жастағы күйеуінің монтировка мен гаечный кілтпен шабуыл жасап, соққыға жыққанын айтқан. Бірақ ол кезде әйел үшін басты уайым – өз денсаулығы емес, күйеуінің үш айлық ұлын белгісіз жаққа алып кеткені болған.

Полиция ер адамның үйін тінткенмен, баланы таппаған. Күйеуі сәбидің жоғалуына қатысы барын мойындамаған, тек әйеліне шабуыл жасағанын ғана растаған. Келесі күні билік өкілдері үйді қайта тексеріп, бұл жолы ас үйден сарғылт шелекті тапқан. Шелек ішіндегі ұнтақ аралас су бетінде өлі бала қалқып жүрген. Сараптама нәтижесінде баланың өліміне — сабынды суға батырып, тұншықтыру себеп болғаны анықталған.

Округтің прокурор орынбасары Элис Мэдиганның айтуынша, ер адам кейінірек қылмысын мойындап, оның себебін түсіндірген.

"Айыпталушы бұл әрекеті арқылы әйеліне және жалпы барлық әйелге сабақ бергісі келгенін айтты. Ол ер адамдарды құрметтемеуге болмайтынын көрсеткісі келіпті", – деді Мэдиган.

Жарияланған мәліметке сәйкес, нәрестені өлтіріп, әйелін өлтіруге оқталғаны үшін ер адам 92 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар