Жамбыл облысында таңқурайдың элиталық сортын отырғызу үшін субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын анықтады.
Нәтижесінде шаруа қожалықтардың жер телімдерінде таңқурай отырғызылмағаны, көшеттер мүлдем сатып алынбағандығы белгілі болды.
"Өздерінің қылмыстық әрекеттерімен 4 адамнан тұратын топ 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген.
Биылғы 7 сәуірде осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында барлық күдіктілер қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге құрайтын мүлкіне тыйым салынды. Ал 12 қыркүйек күні қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталып, негізінен қарау үшін сотқа жолданды", - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.