Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

9 күн сақтау бөлімінде жатып, сені ұзақ күттім: Баян Алагөзова қызының дүниеге келгенін айтты

09:16, 22 мамыр 2025 231

Бүгін, 22 мамырда, блогер әрі танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың қызы — Айсәуле Бақытбек 29 жасқа толып отыр, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Айсәулеге жылы лебізін білдіргендердің қатарында анасы — Баян Алагөзова да бар. Ол Instagram парақшасында эмоционалды құттықтау жариялап, қызының дүниеге келген күнін еске алды:

Бәрі кеше болғандай… 29 жыл бұрын. Сол бір қиын, бірақ сондай бақытты күннің әр минуты есімнен кетпейді! Мен сені сонша күттім – тоғыз айдың ішінде тоғыз рет сақтау бөлімінде жаттым, 22-мамыр күні сені кеудеме салған сәтті, жылағаныңды, менің қуаныштан аққан көз жасымды еш ұмытпаймын – мен ана атандым! 22 жаста болсам да, баяғыдан бері ана болуды аңсап жүргендеймін.

Менің ақылды, ізденімпаз, моншақтай жарқыраған көзі бар қызым. Ең жақсы дүкенге жүгіріп барып, саған ең әдемі көйлек пен шашқа тағатын әшекейлерді алып, сәндеп қоюшы едім. Сен маған күлімсірейсің, мен де саған күлімдеп – сондай бақытты болатын едік! Бүгін де сен мен үшін сол баяғы кішкентай қызсың, көзінде сол жарқыраған шуағы бар. Сен қазір тұтас, пісіп-жетілген, ақылды, көрікті, табысты болдың. Мен әрқашан сенің қасыңдамын және әрдайым сеніменмін! Сен — менің махаббатым, мақтанышым, бақытымсың! Әрдайым денің сау болсын, Алишердің жанында мәңгі-бақытты бол, туған күніңмен, Айсәулем!»

Айсәуленің жанкүйерлері мен оқырмандары да құттықтауларға қосылып, оған бақыт, табыс пен махаббат тіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар